Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрлігі Ұлттық экономика министрлігі
2015 жылғы 30 маусым №740 Астана қаласы 2015 жылғы 20 шілде №538 Астана қаласы
БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бұйырамыз:
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
2) осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау саласының тексеру парағының нысаны бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Жер қойнауын зерттеу және пайдалану аясында жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустриялар және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 27 қыркүйектегі №349 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 1 қазандағы №324 бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 61140 болып тіркелген, 2011 жылғы 24 желтоқсандағы № 417-418 (26808-26809) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған);
2) «Жер қойнауын зерттеу және пайдалану аясындағы жеке кәсіпкерлік саласында тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 27 қыркүйектегі №348 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 1 қазандағы № 325 бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 61139 болып тіркелген, 2011 жылғы 24 желтоқсандағы № 417-418 (26808-26809) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.Қ.Нұрабаев):
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми түрде жариялануға жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі Ұлттық экономика министрі
_______________ Ә.ИСЕКЕШЕВ _______________ Е.ДОСАЕВ
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің
төрағасы _____________________ С.АЙТПАЕВА
2015 жылғы 12 тамыз
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы №740 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі №538
бірлескен бұйрығымен бекітілді
Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жер қойнауын пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органымен жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілерді тәуекел дәрежесі бойынша жатқызу үшін «Қазақстан Республикасындағы бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тексерілетін субъектілер – (бұдан әрі – тексерілетін субъектілер) пайдалы қазбаларды, оның ішінде жерасты сулары мен емдік балшықтарды барлау және (немесе) өндіру бойынша, сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндірумен (жер қойнауын пайдаланушылар) байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыратын субъектілер;
2) жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел – жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы субъектілер қызметінің нәтижесінде, олардың салдарларының ауырлығын ескере отырып, жер қойнауының жағдайына, минералдық - шикізат қорына зиян келтіруінің ықтималдығы;
3) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті критерийлері (бұдан әрі – объективті критерийлер) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жекелеген тексерілетін субъектіге тікелей байланыссыз тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
4) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері (бұдан әрі – субъективті критерийлер) – нақты тексерілетін субъектінің (объектінің) қызмет нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері.
3. Бақылау субъектілерін тәуекелдер дәрежесі бойынша жатқызу объективті критерийлер және субъективті критерийлер негізінде жүзеге асырылады.
2. Объективті критерийлер
4. Объективті критерийлер бойынша бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау және олардың жоғары тәуекел тобына жатқызу немесе жоғары тәуекел тобына жатқызылмауы, оның салдарының ауырлық дәрежесін есепке ала отырып бақылау субъектісі қызметінің нәтижесінде қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне зиян келтірудің ең көп ықтималдық көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылады.
Бақылау субъектілері объективті критерийлер бойынша мынадай тәуекелдер дәрежелеріне бөлінеді:
1) жоғары тәуекел дәрежесіне:
көмірсутек шикізатын, қатты және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын;
облыстық маңызы бар, Астана, Алматы қалаларын сумен жабдықтау үшін жерасты суларын өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілері жатады;
2) жоғары тәуекел дәрежелеріне жатқызылмағанға:
көмірсутек шикізатын, қатты және кең таралған пайдалы қазбаларды, барлау бойынша қызметті жүзеге асыратын;
облыстық маңызы бар, Астана, Алматы қалаларын сумен жабдықтау үшін жерасты суларын өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын субъектілерді қоспағанда, жерасты суларын барлау бойынша қызметті жүзеге асыратын;
аудандық маңызы бар қалаларды және ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету үшін жерасты суларын барлау және өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын;
барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілері жатады.
5. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне қатысты ішінара тексерулер, жоспардан тыс тексеру және өзге де бақылау нысандары жүргізіледі.
Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған бақылау субъектілеріне қатысты жоспардан тыс тексеру және өзге де бақылау нысандары жүргізіледі.
Субъективті критерийлер
6. Субъективті критерийлерді айқындау:
1) дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау;
2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.
7. Дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамасын бұзатын бақылау субъектілерін анықтау үшін қажет.
Ақпаратты талдау және субъективті критерийлерді бағалау ең көп әлеуетті тәуекелді бақылау субъектісіне қатысты тексерулерді шоғырландырады. Бұл ретте, талдау мен бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті критерийлердің деректері қолданылмайды.
Тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері қолданылады:
1) тексерілетін субъект ұсынатын, мемлекеттік органдар жүргізетін есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері;
2) бақылау субъектілерінің тексерулер нәтижелері. Бұл ретте тексеру парақшасында көрсетілген бұзушылық ауырлығының (өрескел, елеулі,елеусіз) дәрежесі заңнаманың талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді;
3) мемлекеттік органдардан, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардан келіп түскен расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны;
8. Осы Критерийлердің 7-тармағында көрсетілген ақпарат көздері негізінде қосымшаға сәйкес жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласында тәуекел дәрежесінің субъективті критерийлері.
9. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштерін есептеу кезінде орындалмаған талаптардың (индикаторлардың) үлес салмағы айқындалады.
Өрескел дәреженің бір орындалмаған талабы 100 көрсеткішіне теңестіріледі.
Егер өрескел дәреженің (индикаторлардың) талаптары анықталмаған болса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау үшін елеулі және елеусіз дәреже талаптарының (индикаторларының) жиынтық көрсеткіші есептеледі.
Елеулі дәреженің бұзушылықтар көрсеткіштерін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:
ΣРз = (ΣР2 х 100/ΣР1) х 0,7
мұндағы:
ΣРз – елеулі дәреженің бұзушылықтар көрсеткіші;
ΣР1 – тексерілетін субъектіге (объектіге) тексеруге (талдауға) ұсынған елеулі дәреже индикаторларының жалпы саны;
ΣР2 – елеулі дәреже бұзылған талаптарының (индикаторларының) саны.
Елеусіз дәреженің бұзушылықтар көрсеткіштерін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:
ΣРн = (ΣР2 х 100/ΣР1) х 0,3
мұндағы:
ΣРн – елеусіз дәреженің бұзушылық көрсеткіші;
ΣР1 – тексеруге (талдау) ұсынған тексерілетін субъектіге (объектіге) елеусіз дәреже индикаторларының жалпы саны;
ΣР2 – елеусіз дәреженің бұзылған талаптарының (индикаторларының) саны.
Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (ΣР) 0 ден 100 дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мынадай формула бойынша жиынтықтау жолымен анықталады:
ΣР = ΣРз + ΣРн
мұндағы:
ΣР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
ΣРз – елеулі дәреженің бұзушылық көрсеткіші;
ΣРн - елеусіз дәреженің бұзу көрсеткіші;
10. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъекті (объекті):
1) жоғарғы тәуекел дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 60-тан 100-ге дейінгі және оған қатысты ішінара тексеру, жоспардан тыс тексеру және бақылаудың өзге де түрлері жүргізілетін кезде;
2) жоғарғы тәуекел дәрежесіне жатпайтын – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 60-қа дейінгі және оған қатысты ішінара тексеру жүргізілмейтін кезде жатады.
11. Ішінара тексерулердің еселік жүргізілуі жылына бір рет.
12. Жүргізілген талдау мен бағалау нәтижелері бойынша қалыптастырылатын ішінара тексеру ішінара тексеру тізімдері негізінде жүргізіледі, олар тиісті есептік кезеңнің басталуына дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.
13. Ішінара тексерулердің тізімі мыналарды:
1) субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесі ең көп көрсеткішімен тексеру субъектілерінің (объектілерінің) басымдылығын;
2) мемлекеттік органда тексеру жүргізетін лауазымды тұлғалардың жүктемесін есепке ала отырып, жасалады.
Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне қосымша
Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалаудың субъективтік критерийлері
р/с № Критерийлер Бұзушылық дәрежесі
1 2 3
1. Мемлекеттік органдар жүргізетін, тексерілетін субъетілеріне ұсынатын мәліметтер және есептіліктің мониторинг нәтижелері
1 Алғашқы материалдарды өткізу және жергілікті қорға геологиялық барлау жұмыстардың аяқталу нәтижесі бойынша есептерді ұсынбаған немесе (жер қойнауын сараптаудан кейін 1 ай өткеннен соң) уақтылы ұсынылмауы Елеулі
2 Лицензиялық/келісімшарт талаптарының орындалуы туралы есепті уақтылы ұсынбау немесе ұсынбау Өрескел
3 Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу туралы есептің уақтылы ұсынылмауы немесе ұсынылмауы Елеулі
4 Жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын жер қойнауы жағдайы туралы геологиялық есептіліктің арнайы нысанын уақтылы ұсынылуы немесе ұсынылмауы Өрескел
5 Жер қойнауын пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген нысанға сәйкес емес есептіліктің ұсынылуы Елеулі
6 Есептілік бойынша толық емес деректердің ұсынылуы Елеулі
2. Өткен тексерулердің нәтижелері
(төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде ауырлық дәрежесі белгіленеді)
Көмірсутегі шикізатын өндіру
7 Тау-кендік жер бөлігі шегінде өндіру жүргізу Өрескел
8 Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсыныстарының орындалуы Өрескел
9 Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға келісімшарттық аумақтағы қызмет нәтижелері бойынша геологиялық есептілікті беру талаптарын сақтау Елеулі
10 Ұңғыма жұмысының жобалық режимдерін сақтау және әзірлеуге арналған жобалық құжаттарда көзделген пайдалану объектісін орындау шартында нақты жылдық өндірудің жобадағыдан кем дегенде он пайызға асуы Өрескел
11 Кен орындары бойынша жұмыс агентін, суды, көмірсутекті шикізатты айдауды есепке алудың болуы Өрескел
12 Жер қойнауының жай-күйіне мониторинг жүргізуді және кен орындарын игеруге бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету талаптарын сақтау Елеулі
13 Сыртқа шығарылатын және жер қойнауында сөндірілген негізгі және онымен бірге шөккен пайдалы қазбалар қорларын және ілеспе компоненттерді дұрыс есепке алуды жүргізу Өрескел
14 Қорларды ашуды, дайындауды және қазып алудың толымдылығын қамтамасыз ететін, жер қойнауының бай учаскелерін таңдап өндіруді болғызбайтын бөлігінде жобалау құжаттарымен көзделген көрсеткіштерді және жобалық шешімдерді орындау Өрескел
Астана, Алматы, облыстық маңызы бар қалаларды сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларын өндіру
15 Тәулігіне екі мың және одан да көп текше метр көлемінде өндірістік-техникалық жерасты суларын өндіруге рұқсаттың, кен орнын өндірістік игеру жобасының болуы. Өрескел
16 Жобалау құжаттарымен көзделген көрсеткіштерді және жобалау шешімдерін орындау Өрескел
17 Су реттегіш қондырғыларымен, су есептегіш аспаптарымен жабдықталмаған, сондай-ақ жерасты сулары объектілерінің жай-күйі көрсеткіштерін бақылау пунктері құрылмаған жерасты суларының су жинау құрылыстарын пайдалануға беруге жол берілмеуі жөніндегі талаптарды сақтау Өрескел
18 Кен орнында жерасты сулары мониторингінің режимдік желісінің болуы және бақылау жүргізілуі Өрескел
19 Жерасты суларының деңгейін, дебитін, температурасын және химиялық құрамын бақылау талаптарын сақтау Өрескел
Қатты және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру
20 Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыстар салуға рұқсаттың, кен орындарын өнеркәсіптік игеру жобасының болуы Өрескел
21 Тау-кендік жер бөлігі шегінде өндіруді жүргізу Өрескел
22 Қазақстан Республикасының Қор жөніндегі мемлекеттік комиссиясының жер қойнауын зерттеу және пайдалану бөлігіндегі ұсыныстарын орындау Өрескел
23 Кен орнын игерудің мына жобалық шешімдерін сақтау:
келісімшарттық аумақ шегіндегі келісімшарттың қолданылу мерзімінің шегінде пайдалы қазбаны өндіру көлемі мен оның сапасының көрсеткіштерімен қоса тау-кендік жұмыстардың күнтізбелік кестесі;
қорларды өтеу кезектілігінің тәртібі;
пайдалы қазбалар кен орындарын ашу тәсілдері мен игеру жүйелері;
Мына жобалық көрсеткіштерді сақтау:
аршу көлемдері; өндіру көлемдері;
күрделі тау-кендік, тау-кен- даярлық, кесу, пайдалану-барлау және толтыру жұмыстарының көлемі;
аршылған, дайындалған және шығаруға даяр пайдалы қазбалар қорларының нормативтері;
шығындар мен құнарсыздану нормативтері;
өндіру кезіндегі еңістік бұрыштары (игеру кезінде, өтеу кезінде) Өрескел
24 Кен орнын ұтымды және кешенді игеруді қамтамасыз етудің болуы Елеулі
25 Олардың өнеркәсіптік маңызының жойылуына немесе толық жоғалуына әкелетін кен орындарының, кенді денелердің және кен шоғырларының ең мол жерлерін және жеңіл қолжетімді учаскелерін іріктеп игеруге әкелетін аршу және игеру жүйелері нұсқаларына жол берілмеу талаптарын сақтау Өрескел
26 Пайдалы қазбалардың уақытша белсенді емес қорларының түзілуіне, бекітілген жобалау құжаттарында көзделгендерді қоспағанда, қосылатын тау жыныстарымен байланыс негізінде және әлсіз дене учаскелерінде (кен шоғырларында, қабаттарда) шығындарға жол берілмеу талаптарын сақтау Өрескел
27 Жер қойнауында сақтауды немесе кейіннен оларды өнеркәсіптік игеру үшін теңгерімнен тыс қорларды қаттап тастау талаптарын сақтау Өрескел
28 Пайдалы қазбалар қорларының құрылымын және шамасын дұрыс бағалау үшін жер қойнауын алдын ала зерттеудің толықтығын қамтамасыз ету Өрескел
29 Сыртқа шығарылатын және жер қойнауында қалдырылатын қорларды дұрыс есепке алуды қамтамасыз етудің болуы:
Пайдалы қазбалардың қорларын, шығындары мен құнарсыздануын бастапқы және жиынтық есепке алудың негізінде қорлардың жыл сайынғы есептік теңгерімін жасау талаптарын сақтау;
шығындар пен құнарсызданудың нақты көрсеткіштерін есепке алу;
белгіленген геологиялық және маркшейдерлік құжаттаманы толық көлемде және сапалы деңгейде жүргізу талаптарын сақтау;
аршылған, дайындалған және алуға дайын қорларды есепке алу;
уақытша-белсенді емес қорларды есепке алу;
пайдалы қазбалар қорларының жай-күйі мен қозғалысының есепке алынуы, шығындар және құнарсыздану көрсеткіштерінің нақты орындалуы және тау-кендік жұмыстардың жағдайы көрініс табатын паспортты жүргізу талаптарын сақтау;
барлық техногендік минералдық түзілімдерді, қалдықтар мен өңдеу өнімдерін (қалдық және шлам қоймаларын, таусылған кен, жыныстар, қож үйінділерін және тағы басқаларын) есепке алу және паспорттау Өрескел
30 Ойып алу бірліктерін өңдеудің толықсыздығы және оларды жою Өрескел
31 Кен орнында жерасты сулары мониторингінің режимдік желісінің болуы және бақылау жүргізілуі Өрескел
32 Қалдықтарды және алғашқы қайта өңделген өнімдер бойынша барлық компоненттерді орналастыру және жоғалтуларды бақылаудың болуы Өрескел
33 Қазба бірлігін игеруге жергілікті келісілген жобаның болуы Өрескел
34 Алғашкы игеру мәліметтері бойынша мемлекеттік теңгерімге тіркелетін пайдалы қазбалар қорының түзету фактісінің болуы Өрескел
3. Мемлекеттік органдардан жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардан келіп түскен расталған арыздар мен өтінімдердің болуы және саны
35 Белгіленген талаптардың бұзылуымен жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу бойынша бақылау субъектілеріне 1 расталған шағымның болуы. Өрескел
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы №740 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі №538
бірлескен бұйрығына 2-қосымша
нысан
Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы
мемлекеттік бақылау саласының тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________
__________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт ___________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің атауы (объекті) ______________________________
__________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН _________________________
__________________________________________________________________
Тұрған жердің мекен-жайы____________________________________________
№ р/с Талаптар тізбесі Талап етіледі Талап етіл-мейді Талап-тарға сәйкес Талаптар-ға сәйкес емес
1 2 3 4 5 6
Көмірсутек шикізатын өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты
1 Тау-кендік жер бөлігінің шегінде өндіруді жүргізу
2 Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы ұсыныстарының орындалуы
3 Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға келісімшарттық аумақтағы қызмет нәтижелері бойынша геологиялық есептілікті беру талаптарын сақтау
4 Ұңғыма жұмысының жобалық режимдерін сақтау және әзірлеуге арналған жобалық құжаттарда көзделген пайдалану объектісін орындау шартында нақты жылдық өндірудің жобадағыдан кем дегенде он пайыздан асуы.
5 Кен орындары бойынша жұмыс агентін, суды, көмірсутекті шикізатты айдауды есепке алудың болуы
6 Жер қойнауының жай-күйіне мониторинг жүргізуді және кен орындарын игеруге бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету талаптарын сақтау
7 Сыртқа шығарылатын және жер қойнауында сөндірілген шыққан негізгі және онымен бірге шөккен пайдалы қазбалар қорларын және ілеспе компоненттерді дұрыс есепке алуды жүргізу
8 Қорларды ашуды, дайындауды және қазып алудың толымдылығын қамтамасыз ететін, жер қойнауының бай учаскелерін таңдап өндіруді болғызбайтын бөлігінде жобалау құжаттарымен көзделген көрсеткіштерді және жобалық шешімдерді орындау
Көмірсутек шикізатын барлауды жүзеге асыратын үшін жер қойнауын пайдаланушыларға байланысты
9 Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы жобалық шешімдердің және жобалық құжаттар мен көзделген көрсеткіштердің орындалуы
10 Геологиялық жер бөлігі шегінде барлау жүргізу
11 Тасбағанды іріктеп алумен ұңғымаларды бұрғылау
12 Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға бастапқы есепке алу материалдарына негізделген жер қойнауының жай-күйі туралы геологиялық есептілікті уақтылы және дұрыс ұсыну
Жерасты сулары мен емдік балшықтарды барлауды және өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты
13 Іздеу жұмыстары жобасы, бағалау жұмыстарының жобасының, тәулігіне екі мың және одан да көп текше метр көлемінде өндірістік-техникалық жерасты суларын барлауға және өндіруге рұқсаттың, кен орнын өнеркәсіптік игеру жобасының болуы
14 Жобалау құжаттарымен көзделген көрсеткіштерді және жобалау шешімдерін орындау
15 Су реттегіш қондырғыларымен, су есептегіш аспаптарымен жабдықталмаған, сондай-ақ жерасты сулары объектілерінің жай-күйі көрсеткіштерін бақылау пунктері құрылмаған жерасты суларының су жинау құрылыстарын пайдалануға беруге жол берілмеуі жөніндегі талаптарды сақтау
16 Кен орнында жерасты сулары мониторингінің режимдік желісінің болуы және бақылау жүргізілуі
17 Жерасты суларының деңгейін, дебитін, температурасын және химиялық құрамын бақылау талаптарын сақтау
Қатты және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты
18 Іздеу немесе бағалау жұмыстарын жүргізу кезінде іздеу жұмысы жобасының, бағалау жұмысы жобасының, тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру жобасының болуы
19 Геологиялық жер бөлігі шегінде барлау жүргізу
20 Жобалық құжатпен көрсетілген геологиялық барлау жұмыстарының жүргізілуінің жобалық көлемін орындау
21 Зерттелетін жер қойнауын пайдалану объектісіне сәйкес таңдап алынған барлау әдістемесін, барлау желісінің тығыздығын және барлаудың таңдап алынған техникалық құралдарының ұтымдылығын сақтау
22 Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясының ұсынымдарын сақтау
23 Геологиялық барлау жұмыстарының оның ішінде жер қойнауын зерттеу және пайдалану бөлігіндегі жұмыс бағдарламаларын орындау
24 Далалық бақылау журналдарының сынамалау, сынамаларды талдау, геофизикалық бақылауларды тіркеу (далалық құжаттама) журналдарының болуы
25 Орындалған жұмыстардың көлемі туралы дұрыс мәлімет ұсыну
26 Келісімшарт талаптарына сәйкес келісімшарт аумағын қайтарудың уақтылығы
27 Геологиялық барлау жұмыстарының барлық кезеңінде келісімшарттың аумағы шектерінде барлық пайдалы компоненттерін зерттеу кешенділігінің сақталуы
28 Оларды жүргізудің жүйелілігі мен кезеңдерін жүргізілуін сақтай отырып геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу
29 Сынамаларды алу және өңдеу, талдау жұмыстарының барлау деректерінің сапасын бақылау нәтижелерінің болуы
30 Пайдалы қазбалардың сапасына және технологиялық қасиеттеріне жан-жақты зерттеу жүргізу
31 Геологиялық құжаттаманың уақтылы орындалуы (сынамалау жоспарлары, геологиялық карталары және олардың тілімдері, кенді денелердің, аймақтардың геологиялық контурларын енгізу, тау-кен барлау қазылымдарының суреттемесі)
32 Геологиялық құжаттаманың сапалы орындалуы (сынамалау жоспарлары, геологиялық карталары мен олардың тілімдері, кенді денелердің, аймақтардың геологиялық контурларын енгізу, тау-кен барлау қазылымдарының суреттемесі)
33 Ішкі және сыртқы геологиялық сынамалау бақылауының болуы, кемінде тоқсанына бір рет жүзеге асырылуы қажет
34 Барлау жүргізу процесінде өткен барлық барлау қазылымдарын құжаттау және жер қойнауын дұрыс зерттеу үшін қажетті барлық детальдарды көрсету талаптарын сақтау
Қатты және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты
35 Өндіру жұмыстарын жүргізген кезде пайдалы қазбалар шөккен алаңдарда құрылыстар салуға рұқсаттың, кен орындарын өнеркәсіптік игеру жобасының болуы
36 Тау-кен жер бөлігі шегінде өндіру жүргізу
37 Қазақстан Республикасының Қор жөніндегі мемлекеттік комиссиясының жер қойнауын зерттеу және пайдалану бөлігіндегі ұсыныстарының орындалуы
38 Кен орнын игерудің мына жобалық шешімдерін сақтау:
келісімшарттық аумақ шегіндегі келісімшарттың қолданылу мерзімінің шегінде пайдалы қазбаны өндіру көлемі мен оның сапасының көрсеткіштерімен қоса тау-кендік жұмыстардың күнтізбелік кестесі; қорларды өтеу кезектілігінің тәртібі;
пайдалы қазбалар кен орындарын ашу тәсілдері мен игеру жүйелері;
Мына жобалық көрсеткіштерді сақтау:
аршу көлемдері; өндіру көлемдері;
күрделі тау-кендік, тау-кен- даярлық, кесу, пайдалану-барлау және толтыру жұмыстарының көлемі;
аршылған, дайындалған және шығаруға даяр пайдалы қазбалар қорларының нормативтері;
шығындар мен құнарсыздану нормативтері;
өндіру кезіндегі еңістік бұрыштары (игеру кезінде, өтеу кезінде)
39 Кен орнын ұтымды және кешенді игеруді қамтамасыз етудің болуы
40 Олардың өнеркәсіптік маңызының жойылуына немесе толық жоғалуына әкелетін кен орындарының, кенді денелердің және кен шоғырларының ең мол жерлерін және жеңіл қолжетімді учаскелерін іріктеп игеруге әкелетін аршу және игеру жүйелері нұсқаларына жол берілмеу талаптарын сақтау
41 Пайдалы қазбалардың уақытша белсенді емес қорларының түзілуіне, бекітілген жобалау құжаттарында көзделгендерді қоспағанда, қосылатын тау жыныстарымен байланыс негізінде және әлсіз дене учаскелерінде (кен шоғырларында, қабаттарда) шығындарға жол берілмеу талаптарын сақтау
42 Жер қойнауында сақтауды немесе кейіннен оларды өнеркәсіптік игеру үшін теңгерімнен тыс қорларды қаттап тастау талаптарын сақтау
43 Пайдалы қазбалар қорларының құрылымын және көлемін бағалаудың дұрыстығы үшін жер қойнауын алдын ала зерттеудің толықтығын қамтамасыз ету
44 Сыртқа шығарылатын және жер қойнауында қалдырылатын қорларды дұрыс есепке алуды қамтамасыз етудің болуы:
Пайдалы қазбалардың қорларын, шығындары мен құнарсыздануын бастапқы және жиынтық есепке алудың негізінде қорлардың жыл сайынғы есептік теңгерімін жасау талаптарын сақтау;
шығындар пен құнарсызданудың нақты көрсеткіштерін есепке алу;
белгіленген геологиялық және маркшейдерлік құжаттаманы толық көлемде және сапалы деңгейде жүргізу талаптарын сақтау;
аршылған, дайындалған және алуға дайын қорларды есепке алу;
уақытша-белсенді емес қорларды есепке алу;
пайдалы қазбалар қорларының жай-күйі мен қозғалысының есепке алынуы, шығындар және құнарсыздану көрсеткіштерінің нақты орындалуы және тау-кендік жұмыстардың жағдайы көрініс табатын паспортты жүргізу талаптарын сақтау;
барлық техногендік минералдық түзілімдерді, қалдықтар мен өңдеу өнімдерін (қалдық және шлам қоймаларын, таусылған кен, жыныстар, қож үйінділерін және тағы басқаларын) есепке алу және паспорттау
45 Ойып алу бірліктерін өңдеудің толықтығы және оларды жою
46 Кен орнында жерасты сулары мониторингінің режимдік желісінің болуы және бақылау жүргізілуі
47 Қалдықтарды және алғашқы қайта өңделген өнімдер бойынша барлық компоненттерді орналастыру және жоғалтуларды бақылаудың болуы
48 Ойып алу бірлігін игеруге келісілген жергілікті жобаның болуы
49 Алғашкы өңдеу деректері бойынша мемлекеттік теңгерімде есепте тұрған пайдалы қазбалар қорын түзетуді болдырмау
Барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты
50 Барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жобасының және жерасты сулары мониторингінің болуы
51 Объектіде жерасты сулары мониторингінің режимдік желісінің болуы
52 Объектіде жерасты сулары мониторингінің режимдік желісін бақылау нәтижелерінің болуы
53 Қоймалау (көму) көлемін есепке алудың болуы
Лауазымды тұлғалар____________ _________ __________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.А (ол бар болған жағдайда)
___________ _________ _____________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.А (ол бар болған жағдайда)
Тексеру субъектісінің ________________________________________ ________
басшысы (Т.А.Ә.А (ол бар болған жағдайда), лауазымы) (қолы)
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 16 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12064 болып енгізілді.